42500 теңге: Қазақстандықтер екінші әлеуметтік төлемді қашан алады?

42500 теңге: Қазақстандықтер екінші әлеуметтік төлемді қашан алады?

Қазақстандықтар екінші әлеуметтік төлемді қашан алады? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев жауап берді.

«Төлем ай сайын төленетіндіктен, екінші төлемді азаматтар автоматты түрде алғашқыдан кейін бір ай өткен соң алады, бірақ төтенше жағдай аяқталғанша кешіктірілмей төленетін болады. Егер төтенше жағдай 30 сәуірде аяқталса, онда сәуір айының аяғында барлық адамдар екінші төлем алады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, екінші төлем 15 сәуірге дейін өтініш бергендерге төленеді, қосымша өтініш жіберудің қажеті жоқ.

Сонымен бірге Нариман Мұқышев екінші әлеуметтік төлемді 20 сәуірде жұмысқа кіріскен азаматтар ала алмайды деп түсіндірді.

«Біз міндетті түрде аудандық жұмыспен қамту басқармасымен барлық ақпаратты тексеріп отырамыз. Өздеріңіз білетіндей, кәсіпорындарды кезең-кезеңімен іске қосу жоспары қабылданды. 20 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кейбір кәсіпорындар жұмыс істей алады, қалғандары да ашылады. Сондықтан жұмысқа кірісіп, табыс таба бастаған қызметкерлерге әлеуметтік төлем тағайындалмайды»,- деді Нариман Мұқышев.

 

Фото: vechastana.kz