Карантин кезіндегі ораза: Бас мүфти биылғы Рамазан айының ерекшелігі мен шарттарын түсіндірді

Карантин кезіндегі ораза: Бас мүфти биылғы Рамазан айының ерекшелігі мен шарттарын түсіндірді

24 сәуірде мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Биыл коронавирус инфекциясының пандемиясына және карантиндік шаралардың қабылдануына байланысты ауыз бекітетін азаматтар тарапынан көптеген сұрақтар туындауда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы солардың басым бөлігіне жауап берді. Мысалы, ораза кезінде антисептик  қолдануға бола ма?

«Коронавирустың алдын алу мақсатында антисептиктер мен спирт қолданылады. Алла қаласа, оразаны бұзбайды. Біз жай жағдайда емес, төтенше жағдайдамыз ғой. Сондықтан осындай кезде адамның денсаулығына зиян тигізбейтін, қайта қорғайтын дүниелерді біздің шәриғатымыз қолдайды», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сонымен қатар ҚМДБ басшысы пітір-садақа беру жолдарына тоқталды. Биыл пітір садақа 370 теңге мөлшерінде бекітілді. Оны республикалық маңыздағы қалалар мен әрбір облыстың орталық мешіттерінің есепшоты көрсетілген банктердің мобильдік қосымшалары арқылы төлеуге болады.

Айта кетейік, пітір садақаның мөлшері ұнның өзіндік құнына қарай есептеледі. Ал материалдық тұрғыдан ауқатты жандар садақаға  мейіздің немесе құрманың құнын төлейді.

 

Фото: m.ru.sputniknews.kz