Қарағандыда карантинде жаппай би ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылады

Қарағандыда карантинде жаппай би ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылады

Қарағандыда Майқұдық ауданының тұрғындары карантин тәртібін бұзған. Олар пандемия кезінде үйдің ауласында би кешін өткізген. Ал куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге салған. Кадр сыртындағылардың айтуынша, дискотеканың диджейі әр өлеңнен кейін бишілерге белсенділігі үшін алғысын білдіріп тұрған. Айта кетейік, осы видео арқылы полиция тәртіп бұзушыларды анықтады.

«Музыканы қойып, би кешін ұйымдастырғандар белгілі болды. Хаттама толтырылды. Олар Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 476-бабы бойынша жауапқа тартылады, яғни 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы мүмкін», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінен.

 

Фото:  tengrinews.kz