Қазақстанда Жеңіс күніне арналған челлендж өтуде

Қазақстанда Жеңіс күніне арналған челлендж өтуде

Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары жайлы әңгімелеген бейнероликтерді әлеуметтік желілерге жүктейді. Челленджге ниет білдіргендердің барлығы қатыса алады.

«Соғысқа қатысқандар туралы ғана емес, Жеңісті жақындатуға ерен үлес қосқан тыл еңбеккерлері жайлы да бөлісуге болады. Бүгінгі бейбіт күндеріміз үшін ата-бабаларымызға ризашылығымызды білдіре аламыз. Кез келген адам телефонға түсірген видеосын әлеуметтік желілерде жариялайды», - деді қоғамдық бірлестік төрағасы Мұрат Молдағалиев.

Жобаны соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді іздеумен айналысатын қоғамдық бірлестік ұсынып отыр. Волонтерлер бұл үшін Германиядағы тұтқында болған майдангерлер мұрағатын пайдаланып жүр. Картотекаға 40 мыңға жуық адам енгізілген.

Мұрағатта әскери тұтқынның бойы, салмағы мен суреттерінен басқа, саусағының іздері де сақталған. Бұл мәліметтер іздеушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетіп отыр.

Жалпы, бір жылдан кем уақытта мыңнан астам қазақстандық қоғамдық бірлестіктің көмегіне жүгінген. 200-ден астам сарбаздың жатқан жері анықталды.

 

Фото: 24.kz