Қазақстандық қалалардағы өзін-өзі оқшаулау деңгейі

Қазақстандық қалалардағы өзін-өзі оқшаулау деңгейі

Қазақстанда өзін-өзі оқшаулау деңгейі төмендей бастады. Бұған ауа райының жылынуы себеп, немесе адамдар үйде отырудан шаршады. Яндекс сервистері халықтың күні бойы белсенді қозғалатынын тіркеді.

Жоба парақшасында әлемнің ірі қалаларына қатысты мәліметтерді көруге болады. Индексті есептеу үшін Яндекс қосымшасын қолдану туралы иесіздендірілген деректер қолданылады. Индекстің мәні жоғары болған сайын, адамдар өзін-өзі оқшаулауды соғұрлым жақсы сақтап отыр: 0-ден — «көшелерде адам өте көп»  5-ке дейін — «көшеде ешкім жоқ».

20 сәуірде елордада кейбір кәсіпорындар өз жұмысын жандандырды. Сондықтан болар, қалада өзін-өзі оқшаулау индексі 3-тен (2,9) төмен болды.

Карантиннен шықпаса да, Көкшетауда да ұқсас жағдай. Өскемен тұрғындары да белсенді (2,9).

Шымкент тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау баллы үш (3,0). Бұған дейін индекс жоғарырақ болған.

Алматылықтардың көрсеткіші - 3,5. Айта кетейік, коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі осы қалада тіркелген.

Яндекстің мәліметінше, өзін-өзі оқшаулау индексі бойынша Қарағанды көш бастап тұр - 3,6. 

Фото: voxpopuli.kz