42 500 теңге алу үшін қателесіп өтініш бергендер қылмыстық жауапқа тартылмайды

42 500 теңге алу үшін қателесіп өтініш бергендер қылмыстық жауапқа тартылмайды

Бірде бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы арнайы брифинг барысында еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеледі деген пікір көп таралып жатқанын белгілі. Бұған БАҚ беттерінде жарық көрген заңгерлердің мақалалары түрткі болған. «Қателесіп өтініш бергендер сотталмайды, ешкімді тексермейді Оған негіз жоқ, осыған нүкте қояйық» деді, министр

БІРЖАН НҰРЫМБЕТОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

- Өйткені бұл ақша әлеуметтік бағытталған төлем. Бізде басым халықтың табысы аз, жалақысы төмен. Зейнетақы мен жәрдемақысы көп емес. Сондықтан көпшілік осы төлемді алсам ба деген. Сол себепті бұған дейін айтқанымдай, біз жаппай ешкімді тексеріп жатпаймыз. Ешкім үй үйді араламайды. Еш нәрсеге уайымдамаңыздар. Төленді ме, алыңыздар да, қажетіңізге жаратыңыздар.

Айта кетейік, бүгінгі таңда төтенше жағдайлардың салдарына байланысты табысынан айырылған 3 млн 960 мың адамға әлеуметтік төлем тағайындалды. Оларға 157 млрд теңге төленді.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: kazakews.kz