Коммуналдық шығынын өтеуі үшін 15 мың теңге кімге беріледі?

Коммуналдық шығынын өтеуі үшін 15 мың теңге кімге беріледі?

Кейбір азаматтарға коммуналдық шығынын өтеуі үшін 15 мың теңге берілетін болады. Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлағандай, коммуналдық қызметтерді ұсынушылармен келісімшартқа отырған тұтынушыларға төлемдерді өтеуге арналған арнайы механизм қарастырылған.

Карантин енгізілген аймақтарда әкімдік тұтынушылардың дербес абоненттік шотына 2 ай бойы ай сайын 15 мың теңгеден салып отырады. Мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде төлем алушылардың мына санаттары анықталды.

- 1, 2, 3 топ мүгедектері,

- мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасы

- көп балалы отбасылар.

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар.

Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасыларына,

- төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер,

- атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғызбасты зейнеткерлер көмек алады.

Төлемді алу үшін тұтынушы ақпарат жүйелері немесе call-орталыққа жеке сәйкестіндіру нөмірін, әлеуметтік дәрежесін және дербес шот деректерін жолдап, әкімдікке өтінім жіберуі қажет.

Әрі қарай әкімдік ұсынылған деректерді тексергеннен кейін, ақшаны коммуналдық қызметтерді тұтынушының абоненттік шотына аударады.

 

Фото: pavlodarnews.kz