Қазақстанда ең жиі қойылатын есімдер

Қазақстанда ең жиі қойылатын есімдер

ҚР Әділет министрлігінің АХАТ басқармасы 2019-2020 жылдары нәрестелерге ең жиі қойылған есімдер тізімін жариялады.

Екі жыл ішінде ұлдарға Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам есімдері өте жиі қойылған. Атап айтқанда, 2019 жылы 4268 Әлихан, 3270 Айсұлтан, 2528 Нұрислам дүниеге келген.

Ал биылғы жылы Әлихан есімі 1204 балаға, Айсұлтан 841, Нұрислам есімі 765 балаға қойылды.

Қыздарға Райана, Медина, Айзере есімдері ең жиі қойылып жүр. Атап айтқанда 2019 жылы 5601 қыз балаға Райана, 5320 сәбиге Медина, 4510 сәбиге Айзере есімі берілген. Биылғы жылы да бұл аттар өте жиі қойылуда. 2020 жылы 1289 Медина, 1183 Асылым 1172 Раяна дүниеге келді.

 

Фото: sputniknews.kz