ХҒС ғарышкерлері Қазақстан аумағына қонды

ХҒС ғарышкерлері Қазақстан аумағына қонды

Бүгін, 17 сәуірде ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясынан жерге оралды. Коронавирус пандемиясына және Қазақстан аумағында енгізілген карантинге байланысты экипажды қарсы алу дәстүрі өткізілген жоқ.

Олег Скрипочка, Эндрю Морган және Джессика Меир тікұшаққа жеткізіліп, оларды сол жерде дәрігерлер тексерді. Әдетте бұл процедура арнайы құрылған шатыр ішінде жасалатын. Осыдан кейін ғарышкерлер Байқоңырдағы аэродромға жеткізілді. Ол жерден ресейлік ғарышкерлер Мәскеуге, ал америкалық азамат өз еліне аттанады. Барлығына қатысты карантин шарасы қолданылатындықтан, ғарышкерлер жақындарымен бірден қауыша алмайды.

Халықаралық ғарыш станциясында ресейлік Анатолий Иванишин және Иван Вагнер, америкалық Кристофер Кэссиди кезекшілік етуде. Олардың вахтасы 9 сәуірде басталған.

 

Фото: ria.ru