Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы

Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы

Елордада білім беру саласында тағы бір онлайн-жоба іске қосылды. Қалалық білім басқармасы «Education Club Astana» деген атаумен тікелей эфирдегі кездесулер ұйымдастыруды қолға алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Жоба әр жұма сайын сағат 15.00-де Білім басқармасының ресми @bilimastana инстаграм парақшасында тікелей эфирге шығады. «Education Club Astana» жобасының алғашқы қонағы Назарбаев Университетінің түлегі, 100 жаңа есім жобасының 2019 жылғы жеңімпазы, № 54 мектеп-лицейінің директоры -  Сейсенбай Шәкәрім Толыбайұлы», - делінген ақпаратта.

17 сәуірге белгіленген алғашқы эфирдің тақырыбы – «Интернетте оқып жүр талай қазақ баласы». Оның барысында азаматтар төтенше жағдай кезіндегі қашықтан оқыту жұмыстарына байланысты сауалдар қоя алады.

 

Фото: letidor.ru