10 маусымнан бастап ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналымнан алынады

10 маусымнан бастап ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналымнан алынады

Осы жылдың 10 маусымында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналымнан алынады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкноттарды бір жыл ішінде екінші деңгейлі банктерде өткізіп, айырбастауға болады. Сонымен қатар бір жыл аяқталғаннан кейін, Ұлттық банктің филиалдары тағы 3 жыл бойы 2006 жылғы ескі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайтын болады.

«2020 жылғы 10 маусымға дейін қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді. Заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады. Ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет»,- делінген ҚР Ұлттық банкінің ресми хабарламасында.

Сонымен бірге 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді.

 

Фото: tengrinews.kz