МИГ-31 әскери ұшағының апаты: тергеу жүргізілуде

МИГ-31 әскери ұшағының апаты: тергеу жүргізілуде

ҚР Қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында болған болған ұшақ апатына қатысты тергеу басталғанын хабарлады. Ведомстводан тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы атанды, делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник А. Құрманғалиев пен подполковник И. Гаврилко басқарған. Екеуі де – тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И. Гаврилконыкі -1161 сағатты құрайды.

«Апат орнына Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келді. Ұшқыштарға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауыр деп баға беруде», хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған. Бұл - МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары орын алған.

Еске салсақ, 16 сәуір күні Қарағанды облысында ҚР Әуе қорғаныс күштерінің МиГ-31 ұшағы жоспарлы ұшу барысында Қарақұдық елді мекенінің маңында апатқа ұшыраған.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: liter.kz