Абайлаңыз, алаяқтар! Жалған телеграмм-боттар

Абайлаңыз, алаяқтар! Жалған телеграмм-боттар

Telegram мессенджерінде әлеуметтік төлемдер алу үшін жалған боттар пайда болды. Бүгінгі таңда осындай фэйк аккаунттардың тек біреуінен ғана 4 адам зардап шеккен. Олардың жеке деректерін алаяқтар Интернеттегі несиелерді рәсімдеу үшін қолданған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, «@NurSultan_42500_Bot» жалған парақшасы түпнұсқадағы «NurSultan42500Bot» -қа өте ұқсас.

Айта кетейік, бұл жалғыз фэйк бот емес. Сонымен бірге алаяқтар жалған аккаунттар ашып, азаматтардан бірыңғай жиынтық төлем жасауларын және көрсетілген шоттарға төлем жасауларын сұраған.

Алаяқтық фактілеріне байланысты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдері азаматтарды абай болуға шақырады.

 «Біз сізден 42500 жәрдемақыларын алуға ресми боттарды ғана қолдануға шақырамыз, олар тек өтінішті қабылдайды және ешқандай төлем талап етпейді», - деді ведомство өкілдері.

Ресми телеграмм-боттардың атаулары:

1. https://t.me/Help42500Bot

2. https://t.me/NurSultan42500Bot

3. https://t.me/Almaty42500Bot

4. https://t.me/Shymkent42500Bot

5. https://t.me/JambylObl42500Bot

6. https://t.me/Kostanai42500Bot

7. https://t.me/Karagandy42500Bot

8. https://t.me/Atyrau42500Bot

9. https://t.me/Turkistan42500Bot

10. https://t.me/Aqtobe42500Bot

11. https://t.me/Pavlodar42500Bot

12. https://t.me/Mangystau42500Bot

13. https://t.me/ZKO42500Bot

14. https://t.me/Qyzylorda42500Bot

15. https://t.me/SKO42500Bot

16. https://t.me/VKO42500Bot

17. https://t.me/AlmaObl42500Bot

18. https://t.me/Akmol42500Bot

Сонымен қатар өтінімдерді egov.kz және 42500.enbek.kz. сайттарында да беруге болады.

 

Фото:  caravan.kz