«EL ARNA-да» бейнесабақтар сурдо аудармамен түсіндіріліп жатыр

«EL ARNA-да» бейнесабақтар сурдо аудармамен түсіндіріліп жатыр

Есту қабілеті нашар балалар енді қашықтан оқи алады. Осы мақсатта «EL ARNA» телеарнасы бейнесабақтарды ым-ишара тілімен түсіндіріп жатыр.

Виктория Антонишина – 10 жылдық тәжірибесі бар «Хабар» Агенттігінің сурдоаудармашысы. Ол күніне 15 телевизиялық сабақ өткізеді. Виктория  математика және әдебиет, физика және дүниежүзі тарихын ым-ишара тілінде түсіндіреді.

ВИКТОРИЯ АНТОНИШИНА СУРДОАУДАРАМШЫ: 

 - Айырмашылық өте үлкен. Жаңалықтар мен контент екеуі екі түрлі. Жаңалықта біз тек қана өмірде болып жатқан оқиғаларды түсіндіреміз. Ал мына жерде біз көбінесе сабақ терминдерімен таныстыруымыз керек. Бұл кішкене ауырлау. Жаңалықтарда бізде суфлер бар. Алдын ала дайын тексттер болады. Ал, мында біз түнде дайындаламыз.

Хасан Исраилов бұл салаға 2004 жылы келді. Алғашқы қадамын Алматы қаласындағы телеарналардан бастады. 12 жыл есту қабілеті нашар студенттерге сабақ бергеніне қарамастан, тәжірибелі маманның айтуынша, бейнесабақтарға асқан дайындықпен шығу керек.

ХАСАН ИСРАИЛОВ, СУРДОАУДАРМАШЫ:

 - Менің бір білгенім, бейне сабақтарды өткізу үшін үлкен сөздік қор қажет. Сонымен қатар ым-ишара тілінің де символдарының үлкен қоры қжет. Мысалы энергия қимылы. Ол электрге де,  токқа да келеді. Әмбебеп қимыл. Айырмашылығы – біз оны артикуляциялық түрде айтып отырамыз.

Аудармашының саусақ қимылын анық көрсету үшін бейнесабақтар мен арнайы графикалар экранда дара төртбұрышқа алынған.

КАМИЛА ҚАМНАЗАРОВА, «EL ARNA»  ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЕФ-РЕДАКТОРЫ:

- Біз терезе жасадық, біздің режиссер оны арнайы жобалап, ым тілінің аудармашысы толық көріну үшін дизайнерлермен жұмыс жасадық. Бізде бұл стандартты негізде жүреді.  Кішкене етіп жасауға да болатын еді. Дегенмен, балаларға анық, барлығы түсінікті болу үшін осылай жасадық.

Бейнесабақтардың трансляциясы әлеуметтік желіде де жүріп отырады. Мәселен, 6 сәуірден бастап видеосабақтарды «Ютуб» сайты арқылы шамамен 1,5 млн интернет-қолданушы көрген.

 

Фото: 24.kz