Қазақстанда Төтенше жағдай енгізілгелі интернет пайдаланушылар саны артты

Қазақстанда Төтенше жағдай енгізілгелі интернет пайдаланушылар саны артты

Қазақстанда Төтенше жағдай енгізілгелі интернет пайдаланушылар саны артты. Карантинге дейін бұл көрсеткіш 200 мыңға жуық болса, қазіргі кезде 650 мыңға жетіп отыр. Бұған қашықтан жұмыс істеу және білім беру әсер еткен. Бүгінде әр қазақстандықты жоғары жылдамдықты интернетке қосуды қамтамасыз ету мақсатында байланыс операторларымен бірлескен жобалар қолға алынды. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Тұяқов Дарынның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес байланыс операторлары өз есебінен байланыс жүйелерін тартып жатыр.  Нәтижесінде жалпы қызмет көрсету көлемі наурыз айында 13,5 пайызға ұлғайған.  Алдағы уақытта тиісті жұмыстар жалғасын табады.

ҚУАНЫШБЕК ЕСЕКЕЕВ, «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Қазіргі таңда интернет желісіне барлық жерде жүктеме артып жатыр. Мәселен, 60%-дан астамы стримингтік телевизия мен видео қызметтеріне келеді. Бүгінде Қазақстанда интернеттің үздіксіз жұмыс істеуі үшін 18 дата-орталық жұмыс істейді.

 

Фото: trashbox.ru