Онлайн-демалыс: карантинде не істеуге болады?

Онлайн-демалыс: карантинде не істеуге болады?

Қазақстанда карантин 1 мамырға дейін ұзартылды. Нәтижесінде, үйде оқшаулауда отырғанда немен айналысуға болады деген сұрақ туындайды. Бұған жауапты ғаламтордан табасыз.

Назарларыңызға бірқатар пайдалы сілтемелер мен идеяларды ұсынамыз:

1. Мысалы, тіл үйрену орталықтары ағылшын, неміс және француз тілдерін онлайн режимде тегін меңгеруге шақырады. Бұл туралы мына сілтеме арқылы толық ақпарат алуға болады:

https://kazakh-tv.kz/kz/view/society/page_210151_kazakhstantsev-priglashayut-na-besplatnye-onlainkursy-an

2. Карантин – мұңаятын шақ емес! Классикалық музыка сүйер қауым әлеуметтік желілердегі каналдарға жазылып, елордалық «Астана Опера» театрының онлайн-концерттерін тамашалай алады:

https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_210156_onlainkontserty-provodyat-solisty-teatra-astana-opera

Айта кетейік, ертең өнер иелері «Шехеразада» балетінің онлайн нұсқасын сахналайды. Оны мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.youtube.com/user/astanaopera

3. Ал елордалық филармония Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен «NS-Music» жобасын қолға алды. Онлайн-платформаға жазылушылар саны күн сайын артады.

https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_210963_onlainkontserty-nsmusic-sobirayut-tysyachi-zritelei

4. Мәскеудегі Үлкен театр, Нью-Йорк қаласындағы Метрополитен-опера, Вена операсы, Берлин филармониясы және әлемдік басқа да мәдени ошақтар «виртуалды» қойылымдарын көпшілік назарына ұсынады.

5. https://www.bolshoi.ru/about/relays/

https://www.metopera.org/

https://www.wiener-staatsoper.at/

https://www.digitalconcerthall.com/en/home?fbclid=IwAR1mrRlGSR1ha8P55HHzzsDocIpbVJ7Hw2Abo4Irfahu7v7IZLkEWzbuSdU

6. Виртуалды экскурсия барысында отандық мұражайлардағы Тас дәуріне жататын бірегей экспонаттарды және болашақтың технологиялар әлемімен етене танысуға болады.

https://qazexpocongress.kz/

http://kazmuseum.com/

http://csmrk.kz/

7. Әлемдік музейлер де виртуалды турлар ұйымдастыруда. Үйде отырып-ақ Лувр, Ван Гог, Британ музейлерін, сондай-ақ Ватикан музейін, Нью-Йорктегі Метрополитен-музейін, Эрмитажды және т.б. аралауға болады.

https://www.louvre.fr/en/visites-en-ligne

https://artsandculture.google.com/partner/van-gogh-museum

https://pano.hermitagemuseum.org/3d/html/pwoa/main/#node2

8. Сонымен қатар, желіде ойын-сауықтар да кездеседі. Түрлі жанрдағы фильмдерді көруге, спортпен шұғылдануға, тіпті кітап оқуға болады.

 http://kazneb.kz

https://kitap.kz/

9. Тікелей эфирде спортпен де айналысуға болады. Қазақстандықтар Street Workout-тан тегін онлайн-жаттығуларға қатысады. Әлеуметтік желілердегі сабақтарды елордалық жаттықтырушы өткізеді.

https://www.instagram.com/aitymzhakupov/

10. Ал, Қазақстан халқы Ассамблеясының сайты аспаздық челлендж өткізуде. Этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен бірге түрлі тағамдар әзірлеуді үйренесіздер. Мына сілтеме арқылы өтіп, ас әзірлеу барысымен танысуға болады:

http://el.kz/ru/multimedia/videos/drugoe_video/3_gotovim_vmeste_doma-_3_blyuda_polskoy_kukhni/

Сарапшылар айтқандай, карантин – мұңаятын кез емес, бұл күнделікті күйбең тіршіліктен демалып, ой-өрісіңді кеңейту мүмкіндігі.

 

Фото: aif.ru