Махаббатқа шектеу жүрмейді. Қазақстандықтар Ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде

Махаббатқа шектеу жүрмейді. Қазақстандықтар Ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде

Осымен тоғызыншы жыл қатарынан қазақстандықтар 15 сәуірде Ұлттық ғашықтар күнін атап өтуде. Қос ғашықтың ұлы сезімі жырланатын «Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу» эпосы осынау ерекше мейрамның  нышанына айналған. 2011 жылы Алматы қаласы әкімдігі мен мәдениет және жастар ісі басқармасы түсірген ұсыныс көпшіліктің қолдауын тауып, мемлекеттік деңгейде аталатын мейрам ретінде бекітілді.

Махаббат үшін шектеу жоқ. Карантин уақытында ғашықтар сезімдерін желі арқылы білдіріп, таң сәріден бір-біріне бейне жазбаларын жолдап, құттықтап жатыр. 

Шуақты көктемнің мейрамы адамдарды жақындата түсіп, сөз салуға қысылып жүрген талай ғашықты қуаттандырады. Ең бастысы ұлы сезімді ұлықтау арқылы коғамды мейірлендіре түседі.  

ӘСЕЛ СҮЛЕЙМЕНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен бұл мейрамды сүйген адамдарына көбірек көңіл бөлуге шақыратын ерекше күн деп санаймын. Ғашықтар сезімдерін білдіріп, көңілдері көтеріңкі жүреді. Жалпы адамдар бұл әлеуметтік желілер болсын әйтеуір бір-бірлерін құттықтап, ізгі тілектерін жолдап жатады. Бұл жақын адамдарыңа жақсы көретініңді білдіретін тамаша мүмкіндік.

Карантин кезінде қоғамдық ойын сауық орындары мен дәмхана, кинотеатрлар жабық. Ендеше, бұл махаббат сезімі шекара талғамайтынын дәлелдеп, сезімді сөзбен жеткізудің мән-маңызын танытатын күн. Сезімін іспен дәлелдегісі келетін романтиктер үшін гүл жеткізу қызметтері онлайн түрде жұмыс істеп тұрғанын айта кетейік.

 

Фото: abai.kz