Коронавирус үй жануарларының өміріне де әсер етті

Коронавирус үй жануарларының өміріне де әсер етті

Коронавирус үй жануарлары мен иелерін жақындата түсті. Жаһандық пандемияға дейін жұмысбасты жүрген адамдар асырап алған ит-мысықтарына көңіл бөлуге уақыт таба алмай жүрген еді. Енді күндері тәулігіне 24 сағат бірге өтетін болды. Тіпті кейбіріне үй жануарлары далаға шығудың жалғыз мүмкіндігіне айналды.  Себебі, көп елдерде қажетсіз далаға шығуға тыйым салынған. Шектеу төрт аяқты досын сергітіп шықандарға аз да болса қолданылмайды.

Осылайша АҚШ төтенше жағдай кезінде жаңа баспана тапқан иесіз жануарлардың қатары артқан. Үйде іштері пысқан азаматтар жаппай ит, мысық асырауға кіріскен. Тек соңғы 2 айдың ішінде Нью-Йоркте ғана үй жануарын алуға ниет танытқандардың қатары 10 есеге артқан.

Карантин кезінде иттермен серуендеу рұқсат етілгенімен көптеген елдерде мысықтарға ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Олар үй ішінде иелерінің көңілін аулайды. Ондай аса қызықты сәттер желіде көптеп жүктелген.

Бұндай шамадан тыс көңілге мысықтардың көбі үйренбеген. Әсіресе, қашықтан оқитын оқушылар ермек тауып, мысықтарын жиі мазалайтын болды.

 

Зоолог мамандардың пікірінше, дала кезіп үйренген жануарлар үйде қамалып қалудың салдарынан  күйзеліске ұшырауы мүмкін. Ал карантин аяқталған кезде иесінің көңілінен айырылу жағы да ауыр тиетін болады. Сондықтан, құр ермекке айналдырмай асырап алған жануарларға жауапкершілікпен қарап, достық қарым-қатынас орнатуға ден қойған жөн, дейді мамандар.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов