Қазақстанда әлеуметтік қызметтердің онлайн-дүкені ашылды

Қазақстанда әлеуметтік қызметтердің онлайн-дүкені ашылды

Сәуір айында жұмысын бастаған онлайн-дүкен ерекше қажеттіліктері бар қазақстандық тұтынушыларға 3 мыңнан астам көмек түрін көрсетті. Бұл туралы Еңбек ресурстары орталығының баспасөз қызметінен хабарлады. Пайдаланушылар ресурста:

- кресло-арбаларды, сурдо-тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды;

-  протездік-ортопедиялық көмекті;

- санаторлық-курорттық емдеуді;

- жеке көмекшінің (І-ші топтағы мүгедектер үшін);

- ымдау тілі маманының (есту бойынша мүгедектер үшін) қызметін алуға өтінім ресімдей алады.

Жақын арада проактивті формат бойынша әлеуметтік қызметтердің қолжетімді тізімі кеңейе түседі. Бүгінде порталда 500-ге жуық тауарлар мен құралдарды және оңалту қызметтерін көрсететін компания тіркелген.

Айта кетейік, 2021 жылға дейін оңалту тауарлары мен қызметтері бір мезгілде әлеуметтік қызметтер порталы және Мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады. Ал келесі жылы автоматтандырылған жүйеге толық көшу жоспарланған.

 

Фото: kursiv.kz