Жедел жәрдем көліктері Қазақстанның орталық қалаларының көшелерімен жүріп өтті

Жедел жәрдем көліктері Қазақстанның орталық қалаларының көшелерімен жүріп өтті

Дабыл қосып, қызыл-жасыл шамдарын жағып, бір қатармен тізіліп қала көшелерін кезген жедел жәрдем көліктері жұрттың зәресін алды. Жоқ, бұл – төтенше жағдай емес, бұл – денсаулық сақтау министрлігінің флешмобы. Еліміздің облыс  орталықтарында өткен республикалық игі шара тұрғындарды үйден себепсіз шықпауға үндеді.

«Құрметті, тұрғындар, бізге сіздердің денсаулықтарыңыз қымбат! Үйде болып, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып қана инфекцияны жеңеміз. Жедел-жәрдем станциясы әрбір өмір үшін күреседі!» деп дабыл қаққан хабарламада «Қатерлі індеттің таралуын тоқтату қамындағы бірден бір амал - үйде отырып, барынша оқшаулану»,-деп айтылды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

Фото: dknews.kz