Қазақ ертегілері француз тілінде сөйледі

Қазақ ертегілері француз тілінде сөйледі

Қазақ ертегілері французша сөйледі. Шымкент қаласының тумасы, қазір Францияның тұрғыны бос уақытында қазақ ертегілерін аударып, арнайы видео жасап әлеуметтік желілерге жүктеуде. Осылайша, Ләззат Атабек-Тюффро қызы Данельдің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырмақ. Бұған қоса, ол француз тілді аудиторияға қазақтың дүние танымын кеңінен таратуды көздейді. Бұрыннан ойлап жүрген ісіне ол карантинде қолы жеткенін айтады.

ЛӘЗЗАТ АТАБЕК-ТЮФФРО, ЖОБА АВТОРЫ:

 – Енді осы карантиннің арқасында бос уақытымыз көбірек. Соның арқасында бұрында қолымыз жетпей жүрген осындай шығармашылық процестерге қолымыз жетіп, іске асырып жатырмыз. Осы карантиннің позитивті жағы деп те айтуға болады.

 

Фото: martebe.kz