2 мыңнан астам қазақстандық онлайн-марафонға қатысты

2 мыңнан астам қазақстандық онлайн-марафонға қатысты

COVID-19 пандемиясының әсерінен салауатты өмір салтын ұстанатындар марафон жүгіре алмайтын болды. Елімізде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты жарыстарды өткізу тоқтатылды.

Осыған қарамастан Қазақстанда алғашқы онлайн марафон ұйымдастырылды. YE'S! FUN RUN. Шараға 2100 адам қатысты. Бұл – рекордты көрсеткіш. Олардың қатарында қазақстандықтардан басқа ресейліктер де, америкалықтар да бар.

Қатысушылар өз үйінде 3-10 км жүгірді. Барлығы онлайн көрсетілді. Шараға Марат Жыланбаев, Ринат Мұстафин, Ержан Жапаров және басқа да атақты спортшылар атсалысты. Олар қатысушылармен өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістіктері жайлы айтып берді. Трансляция 2 сағатқа созылды. 

Шара «YE’S! Бізбіргеміз! Мы вместе!» ұранымен өтті. Осылайша, ұйымдастырушылар медицина қызметкерлеріне, тәртіп сақшылары мен коммуналдық қызмет өкілдеріне, жалпы COVID-19-бен күресте жан аямай еңбек етіп жүргендерге өз қолдауларын білдірді.

Авторы: Бақытгүл Шеркенова

 

Фото: yes-run.kz