Карантин кезінде пайда болған «жауһарлар»

Карантин кезінде пайда болған «жауһарлар»

Бірі карантин мезі етті, үйде жатып шаршадым, сериал да, кино да қызығын жоғалтты деп шағымданса, осы уақытта басқалар шығармашылығын шыңдап, креативке толы идеяларымен бөлісуде. Әлеуметтік желіде «карантинде туған» саналуан дүние жарық көре бастады. Ол өлең шумақтары немесе ерекше фотосурет болуы мүмкін.  

Жарық және көлеңкемен жұмыс істегенді ұнататын фотографтар оқшауда қалып қойды. ТЖ режимі енгізгелі шығаршашылық тоқырамауы керек деген оймен Евгения Кадникова «Selfportraitisolation» атты марафонды бастады.

 (Фото @habitat_series парақшасынан)

 

Өз челленджінде Евгения Екатиринбург қаласының тұрғындарын белгілі бір уақытқа дейін автопортрет түсіруге шақырды. Нәтижесінде бірнеше күнде инстаграм желісінде «Selfportraitisolation» хештегімен 100 -ден астам фотосурет жарыққа шықты.

(Фото @kasatkina_tatiana парақшасынан)

Евгенияның айтуынша, «Автопортрет изоляция» фотомарафоны бір мезгілде документалды бола тұра, әрі рефлексияға бағытталған. Автор туындыларды карантин дәуіріндегі шығармашылық деп атайды.

Сондай-ақ, әлеуметтік желіде «Оқшақлау» флешмобы да үлкен танымалдыққа ие болды. Оның мақсаты өте қарапайым.

Желі пайдаланушылары атақты шедеврлерді үйлерінде қайталайды. Қайталау барысында қолда бар затты ғана пайдаланады. Мысалы ол дәретхана қағазы, не болмаса беторамал болуы мүмкін. Аталмыш жоба Фейсбукте 443 мыңнан астам оқырман жинаған.

 

 

 

 

(Фото Фейсбук парақшасынан алынды)

Флешмобқа қатысушылар жасаған жұмыстардың ішінде Рембрандт немесе Август Фридрих Зигерт сияқты танымал суретшілердің картиналарын көруге болады.

 

(Фото Фейсбук парақшасынан алынды)

Айта кету керек, әлемде карантин режимі қашан бітетіндігі және карантин кезінде әлі қанша тың идея туындайтыны белгісіз.

Десек те, көптеген адамдар карантинге шығармашылық тұрғыдан қарап, осындай кезеңді тамаша етіп өткізуге мүмкіндік тауып жатқандығы қуантады.

Авторы: Ақзер Сегізбай