Қазақстанда алғаш рет мобильді кино фестивалі өтіп жатыр

Қазақстанда алғаш рет мобильді кино фестивалі өтіп жатыр

Қазақстанда «Mobile Blockbuster film festival» (MBff) қысқаметражды фильмдердің алғашқы фестиваль басталды. Жобаның ерекшелігі – байқауға қатысатын барлық фильмдер планшет немесе телефон камерасына түсірілуі қажет.

«Егер олардың қолдарынд ұялы телефондары мен планшеттері болса, түсірілген барлық жұмыстарын бізге жібере алады. Сондай-ақ, басқа жабдықты қолдана отырып түсіргісі келетіндер үшін ерекше жағдай бар, яғни әртүрлі әсерлерді беру үшін дронның көмегімен бейне түсіруге болады, бірақ оларды фильмнің жалпы ұзындығының тек 10% -ында пайдалану керек. Барлығы смартфонға түсірілуі қажет», - деп атап өтті фестивальді ұйымдастырушы Дмитрий Байназаров.

Жоба арқылы фестиваль ұйымдастырушылары - сценарист және режиссер Дмитрий Байназаровтың айтуынша, байқаудың басты тақырыбы – бетперде.  Бұл коронавирус пандемиясының өршіп тұрған кеніде өте маңызды болмақ.

«Маскалар сөзінің мағынасы кең. Ол медициналық, театрлық, әлеуметтік және адамның күнделікті өмірде киетін маскасы болуы мүмкін. Рөлдер әртүрлі. Біз адамдардың шфығармашылығын дамыту түсу мақсатында фестиваль тақырыбын шектедік», - деп атап өтті жлба ұйымдастырушысы.

Айта кетейік, фильмнің ұзақтығы санатына қарай 1 минуттан кем емес және 12 минуттан аспауы тиіс.

«Мысалы, L (Large) категориясы бар. Онда картинаның ұзақтығы 3-тен 12 минутқа дейін. XS (ExtraSmall) – санатында фильмдер 1 минутқа дейін болуы керек. Ал S (Small) санатында - 1-ден 3 минутқа дейін фильм түсіруге болады. Сондай-ақ, музыкалық бейнелерді жіберуге мүмкіндік бар», - дейді Дмитрий Байназаров

Қатысушыларды тіркеу және жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 12 сәуірінен 15 мамырына дейін жүргізіледі. MBff жеңімпаздары 2020 жылдың 17 мамырында онлайн форматта анықталады. Байқаудың толық шарттары fpp.kz сайтында «Байқаулар» бөлімінде және mbfilmfest.com сайтында жарияланған.

 

Фото: inform.kz