Әскерге шақырылушыларға шен беріледі

Әскерге шақырылушыларға шен беріледі

Әскери шендер әскерге шақырылушыларға арнайы оқу-жаттығу жиындарында тағайындалады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары Серік Борамбаев мәлімдеді. Айта кету керек, қазір Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы, Қызылорда, Ақмола және Павлодар облыстарында ерікті әскери бөлімдер құрылды. Әскерге шақыру жұмыстары Ақтөбе және Атырау облыстарында жалғасуда. Алдағы күндері республиканың басқа өңірлерінде шақыру жұмыстары басталады.

«Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында арнайы құрамдарды жасақтау жұмыстары қарастырылып жатыр. Төтенше жағдай кезіндегі әскери жиындардың ұзақтығы 3 айға дейін белгіленіп отыр. Бірақ еліміздегі жағдайға байланысты әкімдіктердің шешімі бойынша, олардың алдында тұрған міндеттерге сәйкес анықталады», - деп атап өтті Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары.

Сондай-ақ ол әскери бөлімдерді әскери қызметке шақырылғандар қатарынан құру тек аймақтық биліктің құзыретінде екенін де айтып өтті. Олар сонымен қатар тиісті жабдықтар мен ақшалай төлемдер, материалдық және қаржылық төлемдерге жауапты болады. Әскери қызметке шақырылғандар бақылау-өткізу пункттерінде қызмет етеді, санитарлық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізеді, сондай-ақ, жедел штаб құрамында жұмыс істейді.

Айта кету керек, арнайы жиындарға нәзік жандылар да ерікті ретінде жазыла алады. Бірақ, Серік Борамбаевтың айтуынша, бұл үшін әкімдіктің шешімі қажет.

«Менің ойымша, мұндай жағдайда әкімдік алдына қойылған міндеттерге байланысты әйел адамдарды шақыруға құқылы. Менің ойымша, ешқандай шектеу жоқ. Мұның бәрі - әкімдіктің құзыреті және шешімі. Егер оларға тиісті мамандықтағы қыздар қажет болса, оларды шақыруға болады », - деді Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасары.

Бұған дейін еліміз бойынша 473 әскери міндетті арнайы жиынға болатын.