Қ. Тоқаев: Алаяқтарды орнына қою керек

Қ. Тоқаев: Алаяқтарды орнына қою керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке мемлекет тарапынан бөлінетін жәрдемақының мұқтаж адамдарға  жету механизмін құруды тапсырды. Бұл туралы президент төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.  Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке қол созғандардың арасында алаяқтар көбейгенін атап айтты.

«Азаматтарымыз бұл көмек төтенше жағдайға байланысты шынымен қаржылық қиындықтарға тап болған адамдарға арналғанын түсінуі керек. Сондықтан тұрақты табыс көзі бар адамдардың бұл көмекті негізсіз алуының жолын кесу қажет. Алаяқтарды орнына қою керек»,- деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, президенттің тапсырмасымен табыссыз қалғандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған болатын. Бүгінде бұл көмекті алуға 1,7 млн адам өтініш беріп үлгерген.