«Капитан Карантин» 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды

«Капитан Карантин» 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екені анықталды

Елорданы кезіп жүрген «Капитан Карантиннің» кім екені анықталды. Қала тұрғындарына үйден шықпау керегін ескертіп қана қоймай, қоқыстарын лақтыруды ұсынып, қолдарын залалсыздандырып жүрген қамқоршы қарапайым ғана такси жүргізушісі әрі еріктілердің қатарынна қосылған елорда азаматы болып шықты. Tengrinews.kz ақпараттық сайтына берген сұқпадында ол аты-жөнін жарияламауды сұраған. Алайда, не себепті COVID-19-қа қарсы жасырын соғысқа шыққанын баяндап берді. 

Оның айтуынша, бұрындары қайырымдылық шараларымен жиі айналысып, көмекке зәру  жандарға қолынан келгенін жасауға аянбайтын. Аға буын өкілдеріне жәрдемдесіп баратын жеріне тегін жеткізіп салуды әдетке айналдырған. Осы жолы да сындарлы сағатта немқұрайлық танытпауға тырысқанын айтады. Қоғамнан шет қалмаған белсенді халықты сақтық шараларына шақыруға бел буды. Алайда қарапайым такси жүргізушісінің сөзіне ешкім құлақ аспаған соң осындай батыр кейіпкердің бейнесіне енуді ұйғарған.

«Мен бұл жасанды ақ комбинезонды еріктілерден алдым. Сондай-ақ, жауын кезінде су өткізбейтін шекпен киіп далаға шықтым. Адамдар бұндай ерекше образды көрген сәтте  бірден маған көңілдері ауғанын байқадым» .

Ол «Капитан Карантиннің» кейпіне төтенше жағдай тәртібін бұзған адамдарды көргенде ғана енеді екен. Ережені елемеудің арты неге соғатынын ескертіп, сақ болудың маңызы жөнінде кеңес береді.

 

Фото: tengrinews.kz