Елбасы үндеуі көптің қолдауын тапты

Елбасы үндеуі көптің қолдауын тапты

Ертеңгі күнге деген халық сенімін нығайту. Елбасының «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» деп аталатын мақаласы осыны көздейді дейді халық қалаулылары. Депутаттардың пікірінше, Нұрсұлтан Назарбаев өткенді саралап, бүгінді бағамдады, болашаққа бағдар берді. Қиын қыстау кезде еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынын алға тартты.

АЗАТ ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мақаламен танысып шықтым. Елбасы ағымдағы жағдайға өз көзқарасын білдіріп отыр. Елбасымыз Тұңғыш Президент ретінде қазір мемлекетіміздің жұмыстарына моральдық, этикалық, рухани баға беруде. Оның айтуынша, қазір әкімшіліктердің де жұмыс форматы өзгеру керек.

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

 - Мақаланың нақты аспектілеріне келетін болсақ, біріншіден мемлекетке қолдау көрсету. Мемлекет басшысына қолдау көрсету. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда, тәртіпке бағынған құл болмайды. Барлық жасалып жатқан жағдайлар еліміздің қауіпсіздігі үшін бағытталғаны айтылған.

Бүгінде кеңінен талқыланып, көптің қолдауын тапқан Елбасы үндеуіне қатысты айтылған пікірлерге мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова да үн қосып,  өзінің фейсбук парақшасында  жеке ойын бөлісті.

«Құрметті, бауырлар! Халқымыздың өткен ғасырдағы өміріне назар салып, көз жүгіртетін болсақ, бұдан да қиын, бұдан да үрейлі сәттерді басынан өткізгенін, талай қып-қызыл қырғыннан, қуғын-сүргіннен, ашаршылықтан, соғыстан аман шыққанын тарих беттерінен оқығанбыз.Сол қиын сәттерді алдыңғы аға ұрпақ біледі, көз алдынан өткізді. Сын сағаттан алып шыққан бабаларымыздың береке-бірлігі болатын. Осы жолғы жайсыздық пен жайылған дерттің қыспағынан да мемлекеттің күші, халықтың бірлігінің арқасында құтылып шығатынымызға сенейік» деді, ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

 

Фото: zakon.kz