Қазақстанда АЕК мен зейнетақы мөлшері ұлғайды

Қазақстанда АЕК мен зейнетақы мөлшері ұлғайды

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Осыған орай, Қазақстанда 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап:

- айлық есептік көрсеткіштің мөлшері ұлғайтылдп, 2778 теңгені құрады;

- ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгеге тең;

- ең төменгі күнкөріс деңгейі 1485 теңгеге өсіп, 32668 теңгені құрады.

- Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі де өзгерді. Бүгінде ол 17641 теңгеге тең.

- ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңге болып бекітілді.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қ. Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақының 10 пайызға дейін индекстелетінін айтқан еді.

«2020 жылдың 1 сәуіріне дейінгі жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап осы күнге дейін алып келген сомадан 5 пайызға артады. 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсті. Өздеріңізге белгілі, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5 пайызға көтерілген болатын. Қазір олар тағы 5% -ға артып, жалпы 10% құрады», деді оңтүстік астанада өткен брифинг барысында Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов.

 

Фото: kazlenta.kz