Қазақстанның бірнеше облысында күшті боран елеулі зардап әкелді

Қазақстанның бірнеше облысында күшті боран елеулі зардап әкелді

Бір ғана Ақмола облысында 1 адам қаза тауып, 30 шақтысы жарақат алған.

Ал Қостанай облысында бір түнде қыс орнап, қар басып қалды. Салдарынан жүзден астам көлік апаты тіркелді. Сондай-ақ Қостанай-Рудный күре жолында қар құрсауында қалған 70 көлік иесіне көмекке құтқарушылар келген.

Солтүстік Қазақстан облысында дүлей жел бірнеше ғимараттың,соның ішінде аурухана мен мектептің шатырын жұлып кеткен.

Кейбір деректер бойынша боран салдарынан 160 шақты ғимарат зардап шеккен. Қазіргі таңда келген шығынды есептеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Фото: diapazon.kz