7 жасар дарын ресейлік бағдарламада қонақ болды

7 жасар дарын ресейлік бағдарламада қонақ болды

Жеті жасар қазақстандық Дарьян Едрешев «Лучше Всех!» бағдарламасының қонағы болды. Шоуда елорданың ең жас тұрғыны өзінің білімі мен біліктілігінің арқасында көрермендерді таң қалдырды.  Ол Менделеев кестесін жатқа айтып, күрделі тапсырмалардың шешімін оңай тапты. Сонымен қатар кубик-рубикті де оңай құрастырды.

Сонымен қатар қазақстандық жас дарын 3 жастан бастап оқи алады. Кішкентайының нақты ғылымға қызығушылығын байқаған Дарианның анасы оны дамытуға көңіл бөлген. Дарианның әсіресе химия мен микробиологияға деген ынтасы зор. Дариан ғылымға деген қызығушылығы оның атасы «Ғылымды балаларға қалай түсіндіру керек» деген кітапты сыйлағаннан кейін туғанын айтуда.

 

Фото: m.ru.sputniknews.kz