Биыл 12 600 отбасы баспаналы болады

Биыл 12 600 отбасы баспаналы болады

Биыл 12 600 отбасы жалға берілетін тұрғын үймен қамтылады. Олардың қатарында көп балалы және мұқтаж отбасылар, жас мамандар бар. Бұл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жүзеге аспақ.

Биыл бағдарлама аясында 15 млн шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салу жоспарланған. Мемлекеттік инвестициялар есебінен әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік 38 300 пәтер сатып алынады және салынады. Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй салуға және алуға 90 млрд теңге көзделген.

 

Фото: abai.kz