Қазақстанда дезинфекциялық туннельдер шығарыла бастады

Қазақстанда дезинфекциялық туннельдер шығарыла бастады

Солтүстік Қазақстан облысында дезинфекциялық туннельдер шығарыла бастады Бұл – бұрын-соңды болмаған өндіріс. Оны Петропавл қаласындағы көп салалы зауыт қолға алып отыр.

ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, КӨП САЛАЛЫ ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:

 - Біз ғаламторда оның құрылысының жобаларын іздей бастадық. Италия мен Түрік елі бірігіп жасаған  өткелдің негізінде өзіміздің зауытта құрастырып шығардық. Бұл өте тиімді деп ойлаймыз. Туннельге жоғары қысымды бүріккіш орнатылған. Сұйықтықтың құрамы: 5 процент спирт, қалғаны тазартылған су мен диохлор. Сонымен қатар хош иіс қостық. Адамның үсті-басын зарарсыздандыратын сұйықтық киім-кешекке зиян тигізбейді.

Бірінші өткел ірі ойын-сауық кешенінің кіреберісіне қойылды. Енді орталыққа келушілердің үстіне автоматты түрде арнайы дайындалған ерітінді сеуіп зарарсыздандырып тұрады.

ДМИТРИЙ ШАРАПАЕВ, КӨП САЛАЛЫ ЗАУЫТТЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ

 - Бүгінде 10 кабинаға тапсырыс келіп түсті. Оларды шамамен үш-төрт күнде жасап шығарамыз. Неізінен қаладағы екі кәсіпорыннан тапсырыс түседі. Олар кейін дайын кабинаны қала бойынша орнатады.

Сондай-ақ, кәсіпорында антисептиктер әзірленеді. Бүгінде өндіріс көлемі тәулігіне 14 тоннаға дейін  жетті. Өндіріс орны дезинфекциялық құралдармен Петропавлдан бөлек Қазақстанның өзге қалалары мен шекаралас Ресей облыстарын қамтамасыз етіп отыр.

Бұған қоса зауытта жолдарға себілетін залалсыздандырғыш ерітінділер жасалады. Қала тапсырысымен 10 тоннассы әзірленді. Өндіруші бұл сұйықтық қоршаған ортаға еш зиян тигізбейтінін айтады.

 

Фото: tengrinews.kz