Елорда әуежайының коды NQZ болып өзгерді

Елорда әуежайының коды NQZ болып өзгерді

Нұр-Сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ге өзгерту туралы түпкілікті шешім қабылданды. Астаналық әуежайдың кодын өзгерту туралы келіссөздер 2017 жылдан бастап жүрген. Ол кезде әуежай Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауысқан.

«Түрлі нұсқалар айтылды. Бастапқыда NAN таңдалынған болатын, алайда ол Фиджидегі әуежайға тиесілі, ал NNA - Марокко әуежайы екен. Тіпті NUR коды да бос емес болып шықты. Ол Австралияның Нулларбор қаласына тиесілі екен. Осыған байланысты, TSE-ны NQZ-ке өзгерту туралы шешім қабылданды» деген болатын ҚР Азаматтық авиациясының басшысы.

 

Фото: kp.kz