Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

Қазақстанның бірнеше облысында қар жауды

Қазақстандықтарды көктемнің жайма шуақ ауа райы көп қуанта қойған жоқ. Өткен түні Ақтөбе облысында және БҚО-ның кейбір аудандарына қар түсті.

Қостанай облысының тұрғындарына ұзындығы 942 шақырым болатын 6 учаскедегі қозғалыс шектелді. Мұндай шешім аймақта басталған боранға байланысты қабылданды. Ауа-райының қолайсыздығына орай жергілікті тұрғындарға өз үйлерінен шықпауға кеңес берілуде.

Бүгінде ауа-райының қолайсыздығын барлық әлеуметтік желілер бетін толтырған түрлі бейнежазбалар дәлелдейді.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында ұсақ қар жауып, жел соғып тұр.

 

Фото: baigenews.kz