Б. Нұрымбетов: «1 миллион 284 мың қазақстандық әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген»

Б. Нұрымбетов: «1 миллион 284 мың қазақстандық әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген»

1 миллион 284 мың қазақстандық әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдірген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді. Бөлім бастығы 42 500 теңге алуға кімнің құқығы бар екенін түсіндірді, атап айтсақ:

шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары;

жеке кәсіпкерлер;

жеке практикамен айналысатын адамдар;

бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер;

міндетті зейнетақы жарнасы аударылған, қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс тауып жүргендер;

карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілері.

Сонымен қатар өтініш білдірмей-ақ мына топтағы адамдар ала алады:

- 1,2,3 топтағы мүгедектер;

- өз бетінше жұмыс жасайтын ақылы фрилансерлер;

- карантиндік аймақтарда жұмыс істейтіндер;

- жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыздар;

- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмей жұмыс істегендер.

Осы санаттағы азаматтардың телефондарына SMS-хабарлама келеді. Оған жауап ретінде шот нөмірі мен Банктің аты көрсетілген хабарлама жіберу қажет.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, төтенше жағдайға байланысты аналар бір жылдан кейін жұмысқа шыға алмай отырған соң осы жәрдемақыны алуға құқылы.

«Оларға балаларының күтіміне бір жыл толғанша мемлекет тарапынан жәрдемақы төленеді. Бір жыл асқаннан кейін сұранып жұмысқа барар еді. Бірақ қазір жұмыс ешкім алмайды, шақырмайды. Сондықтан декретте отырған аналар бір жыл өткеннен кейін бірыңғай жиынтық төлем аударып, осы 42 500 теңгеге үміттенуге болады», - деп түсіндірді министр.

Біржан Нұрымбетов азаматтарды әлеуметтік төлемдер мәселесіне жауапкершілікпен қарауды сұрады. Ол төлем шынымен мұқтаж қазақстандықтарға арналғанын еске салды.

«Порталға кіріп, өтінімге қол қойған кезде, төменде кішкене жазбаны: сіз төтенше жағдайға байланысты кірісті жоғалтқаныңызды растайсыз және осы ақпараттың дәлдігі үшін жауапкершілікті сезінесіз» деген жазбаны көресіз. Міне, осыған назар аудару қажет. Біз бүгін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді шынымен табыссыз қалған адамдар алса дейміз. Сондай-ақ, мен жұмыс істейтін, жалақы алатын немесе жеке меншік иелері бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер өтініш білдіріп жатқандары дұрыс емес деп түсінемін. Мен оларды мұндай қадамға бармауға шақырамын. Біз әлеуметтік төлемдерді мұқтаж жандар алса деп үміттенеміз»,- деді Нұрымбетов.

 
 
Фото: tengrinews.kz