Халықаралық онлайн сурет байқауы жарияланды

Халықаралық онлайн сурет байқауы жарияланды

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры «Біздің әлемді қорғау: түркі әлемінің салт-дәстүрлері» атты онлайн сурет байқауын жариялады. Оған 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Байқау дарынды балалар мен жасөспірімдерді қолдауға бағытталған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, қатысушылардың суреттерінде ұлттық салт-дәстүрлер, түркі әлемінің жалпы мәдениетінің ерекшеліктері, түркітілдес халықтардың салт-дәстүрлері көрсетілуі керек. Барлық жұмыстарды 1 мамырға дейін turkictraditions@gmail.com мекен-жайына жіберуге болады.

Ұсынылған суреттер арнайы жасалған веб-сайтта онлайн форматында көрсетіледі. Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болады.

 

Фото: evg-crystal.ru