COVID-19: Қазақстанда психологиялық қолдау көрсететін сайт іске қосылды

COVID-19: Қазақстанда психологиялық қолдау көрсететін сайт іске қосылды

Елімізде ТЖ кезеңінде психологиялық қолдау көрсететін сайт іске қосылды. Онда өзіңізді мазалаған сұрақтарға жауап алып, психолог және психотерапевтің онлайн қабылдауына жазылуға болады. Мамандар күйзеліске берілмей, стрессті басқару әдістерін айтады.

Сондай-ақ балалармен коронавирус туралы қалай сөйлесу қажет және карантин кезінде үйдегі отбасы мүшелерімен қандай қарым-қатынас орнату керек деген сауалдардарға жауап береді. Жалпы сайтқа Қазақстанның әр өңірінен 70-тен астам психолог тіркелген. Олар халықаралық тәжірибеге сүйеніп көмек көрсетеді. Онлайн қабылдаудың басым бөлігі орыс тілінде өтеді. Жақын арада сайттың қазақша нұсқасы іске қосылады.

ЖҰЛДЫЗАЙ АЛИЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХОЛОГЫ:

 - Үрей кезінде, ашуланған кезде, қатты қысылған кезде қобалжыған кезде, шаршаған кезде не болмаса жаман ойлардан арылу үшін қысқа да нұсқа жаттығулар бар. Соны қарапайым адам үйінде отырып жасауына мүмкіндігі бар.

Жағымсыз жаңалықтарды жүрегіне жақын қабылдайтын адамдарға психологтар ақпарат ағынын барынша азайтуға кеңес береді. Оның есесіне ән тыңдап, физикалық жаттығулар жасау немесе туғандарымен жиі сөйлесіп тұруды ұсынады. Және ең бастысы, бұл кезеңнің де өтпелі екенін ескерген жөн.

 

Фото: republic.ru