ҚР Қорғаныс министрі әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлықты түсіндірді

ҚР Қорғаныс министрі әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлықты түсіндірді

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнаулы жиын кезінде әскери міндетті адамдар әскери қызметкер мәртебесіне және заңға сәйкес әлеуметтік сипаттағы жеңілдіктердің бәріне ие болатынын мәлімдеді.

«Арнаулы жиындарды жұмылдырумен (мобилизация) шатастырмау керектігін ескертті. «Жұмылдыру – мемлекеттің барлық саласын, халқын, ұйымдарды, әскери құрылымдарды әскери уақыт режіміне өткізу дегенді білдіреді. Қазір бұл туралы айтылып отырған жоқ. Арнаулы жиындар әрдайым жылына бірнеше рет өткізіледі. Аймақтардағы әкімнің бәрінде де осындай жиын өткізу тәжірибесі баршылық. Әкімдер денсаулық және отбасылық жағдайын ескере отырып, қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен әскери комитеттер арқылы азаматтарды шақырады. Біз өз тарапымыздан өздігімен арнаулы жиынға келгісі келгендерге басымдық беруге кеңес береміз», деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Арнайы жиындарға әскери міндеті бар адамдар ғана шақырылады. Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен айналысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ егін егу және егін жинау жұмыстарымен айналысатын шаруа қожалықтары, мұғалімдер, күндізгі бөлімде 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп балалары бар адамдар шақырылмайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойған еді.

 

Фото: m.ru.sputniknews.kz