Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 5 балдық өлшем бойынша 4,25 деңгейіне жетті

Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 5 балдық өлшем бойынша 4,25 деңгейіне жетті

Еліміздің бас қаласында тұрғындардың өз-өзін оқшаулау деңгейі жоғарылап барады. 5 балдық өлшем бойынша көрсеткіш бүгінде 4,25 балды құрап отыр. Бұған кешенді шаралар мен қала тұрғындарының жағдайға саналы түрде қарауының арқасында қол жеткізілді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасыры Мәлика Бектұрова хабарлады.

«Сергек» трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71%-ға азайғанын көрсетеді. Салыстыратын болсақ, карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш -  «0,5» баллға тең болған, ал түнде, қала тым -тырыс кезінде- 4.6 баллға жететін», - дейді елорда әкімінің орынбасары.

Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және т.б. қызметтердің көлік қозғалысын есепке алғанда, ең жоғары бал 4,5-ке теңесуі мүмкін.

«Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілуде. Ол осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл бола аламыз»,  - деп атап көрсетті М.Бектұрова.

 

Фото: tengrinews.kz