Мәжілісте «Ардагерлер туралы» заң жобасы қаралды

Мәжілісте «Ардагерлер туралы» заң жобасы қаралды

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар бірқатар мемлекеттік салық түрлерінен босатылады. Мәжілістің жалпы отырысында «Ардагерлер туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Онда ардагерлер үшін бірқатар әлеуметтік қолдау шараларын белгілеу көзделеді. Құжатта ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды көлік, мүлік, соттарда мемлекеттік баж төлеу, азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде және өзгеде салықтар мен мемлекеттік баждардан босату мәселесі ұсынылған. Сондай-ақ заң жобасы ардагерлердің 5 әлеуметтік қорғалатын санатының мәртебесін айқындауды көздейді.

Бүған қоса Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар үшін жеке мәртебенің бекітілуін қарастырады.

Ал Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан әскери қызметшілерді, сондай-ақ еліміздің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындаған әскерилерді басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің дербес санатына жатқызу ұсынылып отыр.