Карантин кезінде ағылшын тілі тегін үйретіледі

Карантин кезінде ағылшын тілі тегін үйретіледі

Қазақстандықтар карантин кезінде ағылшын тілін тегін меңгере алады. Мұндай мүмкіндікті ел тұрғындарына Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұсынып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Онлайн курсты Кристина Яичникова өтікізеді. Бұған дейін де сабақ берушінің қашықтан оқыту тәжірибесі болған.

«Мен осыған дейін онлайн режимде сабақ беруден біраз тәжірибе жинадым. Карантин уақытында сол тәжірибемен бөлісудің сәті түсіп отыр. Сабақты онлайн режимде жүргізу барысында ағылшын тілін аз уақыт ішінде меңгеру тәсілдерін де үйретуге тырысамын. Курста біз грамматика негіздерін қарастыратын боламыз»,- дейді Кристина Яичникова.

Айта кетейік, аталмыш сабақтар аптасына бір рет Instagram парақшасында және Youtube каналында тікелей эфирде жүргізілетін болады. Әр сабақтың ұзақтығы: 1 – 1,5 сағат. 2 айға созылатын тегін курстың алғашқы сабағы 1 сәуірге белгіленген.

 

Фото: startplus.ua