Қасым-Жомарт Тоқаев: Ешкім көмексіз қалмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ешкім көмексіз қалмайды

Мемлекет барлық азаматтарға қолдау көрсетеді, ешкім көмексіз қалмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарнаардан жолдаған мәлімдемесінде осылай деді. Мемлекет басшысы қатерлі індетпен күрестің экономикалық және әлеуметтік салдарын ескере отырып қабылданған нақты қолдау шараларын атап көрсетті.  Ең алдымен,  зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 10 пайызға индексациялау туралы шешім қабылданды.

«Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді», - деді Президент.

Сонымен қатар,  Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетілетінін айтып берді. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қолға алынатын болады.

ҚАСЫМ ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ:

 - Әкімдіктер жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюы керек. «ШОБ өкілдерін биылғы 1 қазанға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын табыс салығынан босатуды тапсырамын. Мұндай қолдау сауда, көлік қызметі, қонақүй, туризм және басқа да салаларды қамтиды.

 

Фото: otyrar.kz