Қазақстан Президенті халыққа алғыс айтты

Қазақстан Президенті халыққа алғыс айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі кезеңде сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін Қазақстан халқына алғыс айтты.  Еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттің дағдарысқа қарсы іс-шараларына байланысты мемлекет басшысының  мәлімдемесі республикалық телеарналардың эфирінде берілді. Мәлімдемеде  Қасым-Жомарт Тоқаев медицина мамандарының ерен еңбегін де ерекше атап өтті.

«Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда. Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары. Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым. Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді. Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты. Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық», - деді Мемлекет басшысы

Сонымен қатар Президент коронавирус жұқтырған азаматтарды да ұмыт қалдырған жоқ.

Өз сөзінде: «Коронавируспен ауырған азаматтарға қолдау білдіргім келеді. Уайымдамаңыздар! Бұл ауру қанша қауіпті дегенімен жанқиярлық үрейлі емес. Одан жазылып кетіп жатқандар бар. Біз – мемлекет пен қоғам сіздерге көмектесу үшін қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз», - деп, науқастарға қолдау білдірді.

 

Фото: akorda.kz