Министр 1414 операторларын бос сұрақпен мазаламауды өтінді

Министр 1414 операторларын бос сұрақпен мазаламауды өтінді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қазақстандықтарға eGov колл орталықтарын бос сұрақтармен мазаламауды сұрады. Оның айтуынша 1414 желісі ЭЦҚ алу және мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қоңырау қабылдайды. Алайда соңғы күндері қоңыраулар саны 500 мыңнан асып түскен. Бұл бірыңғай байланыс орталығындағы рекордтық көрсеткіш. Дей тұрғанмен кейбір азаматтардың сұрағы мүлде көңілге қонымсыз.

«Кейбір адамдар «Көрші үйде вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар бар ма?», «Көшеге шығуға рұқсат па?», «Зімбір неге қымбаттады?» деген сынды сұрақтармен операторларды жұмысынан алаңдатады.  Ал керек ақпарат күткен қаншама адам осы кезде желіде күтуге мәжбүр», - дейді Асқар Жұмағалиев.

 Министр ХҚО жабылғалы бері қазақстандықтар 750 мыңнан астам онлайн қызмет алғанын атап  өтті.

 

Фото: informburo.kz​