Халықаралық ғарыш станциясының экипажы карантинге жатқызылуы мүмкін

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы карантинге жатқызылуы мүмкін

Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Қазақстанға 17 сәуірде қонғаннан кейін 14 күндік карантинге жатқызылуы мүмкін. Бұл туралы Ғарышкерлерді оқыту орталығының дәрігер-эпидемиологы Сергей Савин мәлімдеді.

«Қазақстанда, Ресейдегідей, шетелден келушілерді 14 күндік карантин режиміне жатқызу туралы шешім қабылданды. Бұл талап кеме командирі ресейлік Олег Скрипочкаға қатысты болмақ. Әзірге ұшудан кейінгі қалпына келу бағдарламасының қандай болары әлі белгісіз», деді дәрігер.

Қазір ресейлік Олег Скрипочка мен америкалық Эндрю Морган және Джессика Мэй ХҒС ұшуды жалғастыруда. 9 сәуірде оларға ресейлік Анатолий Иванишин мен Иван Вагнер және америкалық Кристофер Кассиди қосылады деп жоспарлануда. Осыдан кейін бірінші экипаж Жерге оралады.

 

Фото: mix.tn.kz