Қазақстандық туристер Үндістаннан елге орала алмай отыр

Қазақстандық туристер Үндістаннан елге орала алмай отыр

Үндістаннан 70-тен астам қазақстандық отанына орала алмай отыр. Олар шетелдегі демалыстарын туристік агенттіктердің көмегінсіз жоспарлап, ұйымдастырған.

Сондықтан оларға отандастарымызды шұғыл эвакуациялау шешімі оларға дер кезінде жеткізілмеген. Бүгінгі таңда Үндістан билігі шекараларды жабу туралы шешім қабылдаған. Осыған орай қазақстандық туристер елге оралу жолдарын іздестіруде. Алайда арнайы репатриация рейсінен кеш қалған.

НАДЕЖДА БРАУН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 - Рейстің тоқтатылғандығы туралы SMS алғаннан кейін, бізге барлық заттарымызды жинап, әуежайға жетіп, одан Делиге келуге небәрі 12 сағаттан аз қалған болатын. Бұл физикалық тұрғыдан мүмкін емес.

Қазақстанның Үндістандағы консулдығы оларға Гоа-Шымкент рейсін ұсынған. Егер 100 адам болса, онда бұл ұшаққа бір билет құны 700 долларды құрайды. Бірақ көптеген адамдар мұнда отбасымен бірге келгендіктен, қалталары көтермеген.

НАДЕЖДА БРАУН, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Қазір мұнда жергілікті халықтың туристерге деген көзқарастары нашар. Тіпті, дүкенге барғанымызда бізден теріс айналады. Шындығына келгенде, бұл жерде адамдардың өздеріне азық-түлік жетіспей жатыр. Оның үстіне біз олардың тамақтарына ортақтасып жатырмыз. Сондықтан туристерге деген көзқарас күннен-күнге нашарлай түсуде.

Қазіргі таңда үндістандықтар келген туристерді коронавирусты тасымалдаушы ретінде қабылдайды. Сондықтан олар барлық саяхатшыларға өте сақтықпен қарайды. Ал қазақстандықтар болса, өз денсаулықтарына алаңдаушылық білдіреді. Олар үшін ең бастысы – отанына оралу.

 

Фото: kokshetau.asia