Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Ақын Аманхан Әлімұлы өмірден озды

Ақын, «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы өмірден озды.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Алаш» Халықаралық сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Аманхан Әлімұлы қазіргі Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Мәскеудегі Бүкілодақтық М.Горький атындағы Әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Көптеген республикалық басылымдарда қызмет істеген Аманхан Әлімұлы соңғы күндері «Ақиқат» журналының бас редакторы қызметін атқарған. Өлеңдері  «Кездесу» (1983), «Жанымның жапырағы» (1989), «Ай нұры алақанымда» (1996) жыр жинақтарында жарияланған.

 

Фото: tengrinews.kz