Елордада тамақ жеткізу қызметіне сұраныс артты

Елордада тамақ жеткізу қызметіне сұраныс артты

Қазақстанда сақтық шаралары күшейгелі бері кейбір қызметтерге, атап айтар болсақ, такси және дайын тамақты жеткізуге сұраныс арта түскен. Тіпті, кейде такси жүргізушілер мен тапсырысты жеткізушілер бірігіп жұмыс істей бастаған. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласында осы салада екі қолға бір күрек іздеушілердің қатары артып келеді. Осы саладағы компания жетекшісінің сөзіне қарағанда күніне 20-ға жуық түйіндеме келеді екен.

МАНАС НАУРЫЗЫМ, ДАЙЫН ТАМАҚТЫ ЖЕТКІЗУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

- Жұмысқа тұрам деген кісілердің саны екі есеге көбейді. Бірақ қаншалықты керек, соншалықты алып жатырмыз. Қазіргі кезде тапсырыстар саны 20-30%-ке өсіп жатыр. Біздегі курьерлер санын 20%-і толықтырып жатырмыз.

 

Фото: billionnews.ru