Қазақстанда визасыз режим уақытша тоқтатылды

Қазақстанда визасыз режим уақытша тоқтатылды

Қазақстан транзиттік жолаушылар үшін 72 сағаттық визасыз режимді 1 шілдеге дейін тоқтатты. Үкімет сырт мемлекет азаматтарының ел аумағына келу және онда болуы, сондай-ақ олардың кетуінің қағидаларын тоқтата тұру туралы қаулысына өзгеріс енгізді.

«ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуын тоқтата тұру туралы» ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режімінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», - деп жазылған Үкімет қаулысында.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Үндістан мен Қытайдың транзитпен өтетін жолаушылары үшін 72 сағаттық визасыз режим енгізілген болатын.

 

Фото: tengritravel.kz